«Астана» испаниялық қорғаушы Кике Лопезбен келісімшарт ұзартылмайтынын ресми түрде хабарлады, деп жазады Prosports.kz тілшісі елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Келісімшарт мерзімі бітуіне байланысты «Астана» футбол клубынан Кике Лопез кетті», - деп жазылған хабарламада.

2021 жылдың сәуірінен бері испаниялық ойыншы «Астана» сапында 30 матч өткізген.