Қазақстандық форвард Алексей Родионов «Атыраумен» келісімшартын ұзартпады, деп хабарлайды Porsports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Родионов «мұнайшылардың» түлегі, «Оле Бразил» академиясында тәлім алған. «Атырау» сапындағы 54 матчта ойыншы 4 гол соққан.

Бұған дейін БАҚ-та Родионов карьерасын армениялық «Алашкертте» жалғастырады деген ақпарат тараған.