Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин елдегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол Твиттерде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстанда аза тұту күні. Елімізде болып жатқан жағдайды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осы күндері жақындарынан айырылғандардың бәріне шын жүректен көңіл айтамын. Қазақстанымызға бейбіт өмір оралсын», - деп жазды Головкин.

Еске салайық, елімізде лаңкестік шабуылдан кейінгі адамдар өлімінен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.