Ағылшын тіліндегі Boxing247.com порталы «Жыл ашылуы» номинациясының жеңімпазын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл номинацияда америкалық Джарон Эннис үздік атанды. Номинанттар қатарына қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы, кубалық Давид Моррель, англиялық Конор Бенн мен ресейлік Раджаб Бутаев енді.