Оралдың «Ақжайық» футбол клубының Түркиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында қарсыластарының бірі белгілі болды.

Қазақстандық команда Украина чемпионатының Бірінші лига өкілі – Кривой Рогтың «Кривбас» клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы украиндық клубтың ресми сайты хабарлады.

«21 ақпан – Қазақстан чемпионатының Премьер-Лига клубы «Ақжайықпен» кездесу. Қарсылас Орал қаласының намысын қорғайды. Команданы украиналық маман Владимир Мазяр баптайды. Өткен маусымда «Ақжайық» (14 команданың ішінде) 9-орынға ие болды», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.