Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов ойнайтын «Крылья Советов» маусым аралық алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы жоспарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Самаралықтар жаңа жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын 11-24 қаңтар аралығында Түркияда өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны аясында үш сынақ кездесуі жоспарланған. Біздің команданың алғашқы қарсыласы Венгрияның «Сегед» клубы болмақ. Келесі ойын 22 қаңтарда словениялық «Чельемен» өтеді. Оқу-жаттығу жиынының соңғы күні Сербияның Сурдулика қаласының «Радник» командасымен кездесу жоспарланған», - деп жазады клуб сайты.

Еске салайық, Самара клубы 18 матчтан кейін сегізінші орында келеді.