Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайрат-Мәскеу» командасының бас бапкері ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» құрылымына енетін және ФНЛ екінші дивизионының Ресей чемпионатында өнер көрсететін команда бапкер ауыстырады.

Евгений Кострубтың орнына Мәскеуге тағы бір қазақстандық маман Кирилл Кекер аттанады. Кострубтың жетекшілігімен команда бірінші кезеңде он команданың ішінен алтыншы орынды иеленіп, медальдар үшін күресте ақтық кезеңге өте алды.

Кирилл Кекер өткен маусымда бұл қызметке негізгі үміткер болғанымен, Алексей Шпилевский қызметінен босатылғаннан кейін алматылықтардың негізгі командасын баптады. Кострубқа келсек, ол «Қайрат-Жастар» командасына оралады.