Армениялық жартылай қорғаушы Артак Дашян «Атыраудан» кетті, деп жазады Prosports.kz.

Ол енді өз елінің «Пюник» командасында өнер көрсетеді.

Бұл туралы армениялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

32 жастағы жартылай қорғаушы мансабында «Урарту» (Ереван), «Металлург» (Донецк), «Аль-Мухаррак» (Бахрейн), «Гандзасар-Капан», «Вардар» (Скопье), «Алашкерт» (Ереван) және «Атырауда» өнер көрсеткен.