WTA рейтингінде 11-орында тұрған Ресейдің бірінші ракеткасы Анастасия Павлюченковадан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бәріңе сәлем. Өкінішке орай, менде жағымсыз жаңалық бар. Мен Австралияға сейсенбіде келдім және менің COVID-19 сынағым оң нәтиже берді. Мен екпе алып, Дубайдағы маусымға дайындалып жаттым. Бірақ біз өте қиын және болжанбайтын уақытта өмір сүріп жатырмыз, сондықтан мен қазір арнайы қонақүйде оқшауланып, хаттамаларға сәйкес дәрігерлердің бақылауындамын. Қазір өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қадағалау маңызды. Барлығына қауіпсіз болған кезде мен кортқа ораламын», - деп жазды ресейлік теннисші Twitter-де.

2021 жылы Павлюченкова 49 ресми кездесу өткізіп, 29 рет жеңіске жетіп, 20 рет жеңілген. Қараша айында ол WTA рейтингінде 11-орынға көтерілді, бұл оның карьерасындағы ең үздік нәтиже.