Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Аустралияға жетті, Мельбурнда теннистің жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы Инстаграмдағы «сторизінде» жазды: «Сәлем, Мельбурн. Оралғаныма қуаныштымын».

2022 жылғы Аустралия ашық чемпионатының алдында Мельбурнде мен Аделаидада WTA 250 турнирі, кейін Аделаида мен Сиднейде WTA 500 турнирі өтеді.