Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Мұрат Тілешевтің орнына «Тұранға», спорт директоры қызметіне 34 жастағы маман Қуаныш Қабдулов келуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қабдулов бұған дейін «Тұранда» Абдухалық Бөрібаевтың көмекшісі болып қызмет атқарса, кейін Түркістан клубында бас бапкердің міндетін атқарушы болды.

Еске сала кетейік, Мұрат Тілешев Астананың спорт директоры болып тағайындалды.