«Ақтөбе» футбол клубы жастар командасының бұрынғы аға бапкері Валерий Алемаскин көз жұмды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Валерий Викторович Ақтөбе футбол мектебінің түлегі. Ол жергілікті футболдың дамуына орасан үлес қосқан еді. 2006 жылы хромтаулық «Горнякпен» ҚР Бірінші лигасының қола медалін ол бас бапкер ретінде жеңген. 2010 жылы оның баптауымен «Ақтөбе» жастар командасы Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері атанса, 2014 жылы ел чемпионы атанған болатын.