Қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы ойыншысы Артем Челядинский бас бапкер ретінде Минск «Динамосын» тізгіндейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Артем Викторович клубтың негізгі командасымен 2021 жылдың маусымында жұмыс істей бастады. ⠀

Артем Челядинскийдің жетекшілігімен негізгі құрам 20 кездесу өткізіп, оның 14-інде жеңіске жетіп, үш рет тең түсіп, үш рет жеңіліске ұшыраған.

Челядинский 2009 жылы «Тобыл» сапында ойнаған.