«Астананың» спорт директоры қызметіне қазақстандық маман Мұрат Тілешев келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұрат Тілешев – Жамбыл футболының шәкірті. Футболшы ретінде Қазақстанның 9 клубында өнер көрсетіп, үш рет ел чемпионы және жоғарғы дивизионның үздік бомбардирі атанды.

Ойындық мансабын аяқтағаннан кейін Қазақстан футбол федерациясында жұмыс істеді, сонымен қатар «Шахтер», «Ақтөбе» және «Тұран» футбол клубтарында спорт директоры қызметін атқарды.