Қазақстандық Adal Promotions промоутерлік компаниясы Мейірім Нұрсұлтановтың (15-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрсұлтанов 15 қаңтарда Ақтауда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Андрей Сироткин (19-1-1, 7 КО) болмақ. Жеңген боксшы бос тұрған WBO International титулына ие болады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.

Нұрсұлтанов өзінің соңғы жекпе-жегінде беларусь Дмитрий Атроховты (16-12, 7 КО) төрешілер шешімімен жеңді.