Мейірім Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жектегі қарсыласы анықталды
![Мейірім Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жектегі қарсыласы анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/203991_71da1be95e24fa517b5cc098c17f2a7c.jpg?v=28642304)
Қазақстандық Adal Promotions промоутерлік компаниясы Мейірім Нұрсұлтановтың (15-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұрсұлтанов 15 қаңтарда Ақтауда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Андрей Сироткин (19-1-1, 7 КО) болмақ. Жеңген боксшы бос тұрған WBO International титулына ие болады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.
Нұрсұлтанов өзінің соңғы жекпе-жегінде беларусь Дмитрий Атроховты (16-12, 7 КО) төрешілер шешімімен жеңді.