Алматыда қысқы Спартакиада аясында биатлон бойынша сайыстар өтіп жатыр.

- 21-27 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде V қысқы Спартакиада өтуде. Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен 112 биатлоншы өзара бақ сынауда.

Спартакиаданың негізгі мақсаттарының бірі – спортшыларымызды алдағы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына дайындау. Сонымен қатар, Спартакиаданың қорытындысы бойынша биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі анықталады, - делінген ұлттық биатлон одағының мәлімдемесінде.⠀

Жарыс қорытындысы бойынша, ерлер арасындағы эстафетаның қорытындысы бойынша команданың үздік нәтижесін Ақмола облысының биатлоншылары көрсетті. Мәреге бірінші болып Александр Мухин жетті.

Әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары топ жарды. Галина Вишневская әйелдер арасында көш бастады.

Айта кетерлігі, ұлттық құрама 6 қаңтарда әлем кубогінің V кезеңіне қатысу үшін Германияға аттанады.