21-27 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде V қысқы Спартакиада өтуде. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 120 спортшы қатысты.

Спартакиаданың негізгі мақсаттарының бірі – спортшыларымызды алдағы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына дайындау. Сонымен қатар, Спартакиаданың қорытындысы бойынша биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі анықталады.

Ерлер арасындағы эстафетаның қорытындысы бойынша команданың үздік нәтижесін Ақмола облысының биатлоншылары көрсетті. Мәреге бірінші болып Александр Мухин жетті.

Әйелдер арасында құраманың үздік нәтижесі Шығыс Қазақстан облысының спортшылары арасында болды. Жарыстың көшбасшысы Галина Вишневская атанды.