Биатлоннан германиялық Оберхофтағы Әлем кубогының кезеңі елдегі шектеулерге байланысты көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sportschau.de сайтына сілтеме жасап.

Оберхофтағы жарыстар 3-9 қаңтар арасында өтеді. Германияда 12 қаңтарға дейін трибунада көрермендер болуына тыйым салынған.

Әлем кубогы кезеңінің ұйымдастырушылары Рупольдингтегі жарысқа көрермендер кіре алады деп үміттенеді - мұнда тек әйелдер спринті шектеуге тап болып отыр, бұл сайыс 12 қаңтарда өтеді.