Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қазақстандық споршы жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 87 келіден жоғары салмақта сынға түскен Айзада Мүптілда әлемдік сынды төртінші орынмен тәмамдады. Ол жұлқа көтеруде 120, серпе көтеруде 152 келіні еңсерді.

Қоссайыс нәтижесі бойынша Айзада 272 келіні көтеріп, төртінші орынға табан тіреді.