Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Карина Кузганбаева өнер көрсетті.

87 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған спортшы жалпы салмағы 230 келі көтеріп, жетінші орында тұрақтады.

Бұған дейін әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына Арли Чонтей алтын жүлде салған еді.