Таиландта жағажай волейболынан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшінші жарыс күнінде негізгі топта өнер көрсететін қазақстандықтар Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов Чили командасынан 0:2 есебімен ұтылды.

Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үшінші кездесуде жеңіліп тапты. Бұған дейін Лапов пен Аманжолов дуэті Украина және Ресей спортшыларына есе жіберген.

Айта кетелік, Қазақстан қыздар командасы да әлем чемпионатын жеңіліспен аяқтады.