Анкарада әйелдер кәсіпқой клубтары арасында волейболдан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан турнирді жеңіліспен бастады.

Алғашқы ойында өскемендік «Алтай» клубы бразилиялық «Minas Tenis Club» клубымен кездесті. Жекпе-жек 0:3 (20:25, 22:25, 18:25) есебімен қазақстандық клубтың жеңілісімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, волейболдан әлемдік додаға Алтайымен бірге тағы бес клуб шықты. Олар италиялық Карраро Имоко Конеглиано, Түркиядан ВакифБанк Стамбул және Фенербахче Опет Стамбул, сондай-ақ бразилиялық Minas Tênis Clube және Dentil Praia Clube командалары.