Ла Лига басшылығы мадридтік клубтың 6 ойыншысы коронавирус жұқтырғанына қарамастан, «Реал Мадрид» пен «Кадис» арасындағы кездесуді кейінге қалдыруды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.

AS хабарлауынша, мадридтік клубта коронавирус жұқтырған 7 жағдайға қарамастан, ойын кестеге сәйкес өтеді. COVID-19 пандемиясы кезінде енгізілген ережелерге сәйкес, матчтарды ойнау үшін командада кемінде 5 негізгі құрам ойыншысы болуы керек. Футболшылардан басқа бас бапкердің көмекшісі Давиде Анчелотти де коронавирус жұқтырған.

Жартылай қорғаушылар Марко Асенсио мен Гарет Бэйл, шабуылшы Родриго, сонымен қатар қақпашы Андрей Лунин коронавирус жұқтырды. Бұған дейін Лука Модрич пен Марселоның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді. «Реал Мадрид» келесі кездесуін «Кадиске» қарсы өткізеді. Матч 19 желтоқсанға жоспарланған.