«Челсидің» қорғаушысы Антонио Рюдигерге «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«МЮ» келер жазда қорғаныс шебін күшейткісі келеді, еркін агент атанатын Рюдигерді басты назарда ұстап отыр. «Қызыл сойқандар» жаңа бас бапкер Ральф Рангник өз отандасын командаға шақыра алады деп үміттенеді.

28 жастағы ойыншыға ПСЖ, «Реал Мадрид» және «Бавария» да қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, Рюдигер осы маусымда «Челси» сапында 22 матчқа қатысып, екі гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.