17 желтоқсанда Сингапурда ONE FC лигасы ұйымдастырған ONE: WINTER WARRIORS II турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында қазақстандық Қайрат Ахметов (24-2) кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Отандасымыз филиппиндік Дэнни Кингадпен (14-2) кездеседі. Бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы ONE FC чемпионы атағына үміткер анықталады.

Ахметов – Кингад жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:25-те басталады. Оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.