Қазақстандық ММА файтері Қайрат Ахметов (27-2) филиппиндік Дэнни Кингадпен (14-2) алдағы жекпе-жегінің алдында салмақ түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында Stories бөлімінде суретін жариялап, «Салмақ жасалды», - деп жазды.

Ахметов - Кингад жекпе-жегі 17 желтоқсанда Сингапурдағы One Championship турнирінде өтеді.