Францияда фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Юлия Галышева параллельді могул жарысында алтыншы орынға ие болды. Оның жерлестері Олеся Граур мен Анастасия Городко сәйкесінше 26 және 28-орынға табан тіресе, Аяулым Амренова 33-орыннан көрінді.

Ерлер арасында Павел Колмаков (79,86) үшінші орынға ие болып келесі кезеңге шықты. Сергей Романов (53,59) 44, Олег Цинн (46,85) 48-ші болып мәреге жетті. Антон Бондарев (22,68) мәреге 55-ші болып келді.