Калгариде конькимен жүгіру спортынан төрт құрлық чемпионатында әйелдер арасында 500 метрге жарысу сайысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Екатерина Айдова 37.897 уақыт көрсетіп, алтын медаль алды. Екінші орынды қытайлық Тайбэй өкілі Ю Ин Хуан (38.062) иеленсе, үздік үштікті аргентиналық Мария Родригес (38.538) түйіндеді.