18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Boxing Stars басқарушы компаниясының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үлкен бокс кеші өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) аргентиналық Хуан Эрнан Леаоға (15-1, 4 КО) қарсы сынға түседі.

Бокс шоуының кардында 20 жылда алғаш рет 55,3 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ержан Залилов (12-3-2, 6 КО) пен Ескендір Харсан (9-1, 6 КО) Қазақстан чемпионы атағын сарапқа салады.

Prosports.kz тілшісі қазақстандық «Зымыранан» сұхбат алып, оның WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Руслан Проводниковқа қарсы жауапты жекпе-жекке дайындығы туралы білді.

– Ержан, жекпе-жекке санаулы күндер қалды. Көптен күткен жекпе-жекке дайындық қалай болды?

- Дайындық ойдағыдай болды. Мен тамаша формадамын. Үш айлық тынымсыз еңбек аяқталды, рингке шығып, өзімнің қаншалықты құнды екенімді көрсету қалды.

– WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Руслан Проводниковпен бір залда жаттығасыз. Осы уақыт ішінде «Сібір Роккиінен» не үйрене алдыңыз?

- Өкінішке орай, мен онымен бір-ақ рет спаринг жасай алдым, бірақ бұл оның әлі де қатты соққы жасайтынын түсінуге жеткілікті болды (жымияды). Осындай чемпиондармен бір залда жаттығып, ақыл-кеңес тыңдап, тәжірибе жинақтау жақсы. Бір сөзбен айтқанда, керемет.

– Өткенде ресейлік атақты боксшы сізге уәде берді дедіңіз. Құпия болмаса бөлісе аласыз ба?

– Құпия жоқ, мен тек барлығын аздап қызықтырдым (күледі). Келесі жылы мен бәрін егжей-тегжейлі айтып беремін.

– Жекпе-жекке дайындалуға атақты спортшылардан тағы біреулер көмектесті ме?

– Жоқ, қалғандары мен сияқты қарапайым спортшылар болды.