Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі дебютіне дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы өзінің Instagram парақшасында бапкерімен бірге жаттыққан видеосымен бөлісті.

Ангелина Лукас кәсіби рингтегі дебюттік жекпе-жегін 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізеді. Оның төрт раундтық кездесудегі қарсыласы украиналық Светлана Василевская болады.