«Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака Prosports.kz сайтына берген сұхбатында биылғы сәтсіз ойындардың себебін түсіндірді.

- «Қайрат» АФК биылғы маусымда сенімсіз ойынағанының себебі неде?

- «Қайрат» Қазақстан құрамасының базалық клубы болғандықтан, биылғы маусымда біздің кестеміз өте тығыз болды. Бізге әлем чемпионатынан кейін қалыпқа келу физикалық ғана емес, психологиялық тұрғыдан да қиын болды. Менің ойымша, басты себеп осында, біздің құрам ротациялайтындай үлкен емес.

– Ойыншылар арасындағы жарақаттар көп болуының салдары қандай? Ойыншылардың ісіне кәсіби емес көзқарасы ма, олардың жеке физиологиялық ерекшеліктері ме немесе клубтың медициналық қызметкерлерінің қателіктері ме?

- Жұмыс кестесі тығыздығы ойыншыларға ғана қатысты емес. Бапкерлер де, медицина қызметкерлері де – бәріміз барынша жұмыс істедік. Бірақ ойындар бірінен соң бірі өтіп, біреу ойыннан шығып қалса, екіншісіне екі есе жүктеме түседі. Мұндай жағдайларда жарақат алмау мүмкін емес.