Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита Өзбекстан құрамасына қарсы өткен алғашқы жолдастық кездесу туралы пікір білдірді, осы кездесуде гол соққаннан кейінгі эмоцияларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Матч қиын болды. Біз Өзбекстанның Азияда екінші немесе үшінші мықты құрама екенін білеміз. Әсіресе Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ойындар дерби болғандықтан, матч өте қиын болады деп күттік. Сондықтан, барлығы көріп отырғандай, біз ойынға барынша ықыласпен шықтық. Бізде, әрине, бірлескен ойын практикасы жеткіліксіз, көптен бері бірге ойнамадық, сондықтан бірінші таймда мүмкіндіктер көп болғанымен, жүзеге асыра алмадық. Бірақ екінші таймда біз жинақталып, гол соғатынымызды білдік. Осылайша ойын жеңілдеді. Соңында гол жіберіп алғанымда, әрине, қобалжыдым, бірақ ең бастысы біз жеңдік.

Голға келетін болсақ, жанкүйерлер қолдап жатқанда, әсіресе, өз алаңымызда гол соғу әрқашан жағымды. Мен оларға жақсы қуат беріп, Қазақстан үшін тағы бір гол соққаныма қуаныштымын және әрбір голымды әрдайым еске алып жүремін», - деді Игита ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасына қарсы матчта 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Өзбекстан құрамасының қақпасына үшінші голды Игита соқты. 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары екінші кездесуін өткізеді.

Фото kff.kz