«Қайраттың» қорғаушысы Камо Оганесянға ресейлік екі клуб қызығушылық танытып отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Армениялық ойыншының «Қайратпен» келісімшарты аяқталды. Ол қазір еркін агент болғандықтан, әрі ЕАЭО ойыншылары легионер саналмайтындықтан ресейлік командалар оған назар аударып отыр.

Атап айтқанда, «Урал» және «Нижний Новгород» Камоны қатарға қосқысы келеді.

Айта кетейік, «Нижний Новгород» ҚПЛ-да ойнаған Армения құрамасының тағы бір ойыншысы, «Атырау» жартылай қорғаушысы Соломон Удоға да қызығып отыр.