13 желтоқсанда УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңге қатысатын 16 команда екі себетке бөлінеді - «еленгендер» және «еленбегендер». «Еленгендер» қатарында өз топтарының жеңімпаздары, «еленбегендер» қатарында екінші орын алған командалар болады.

«Еленген» командалар: «Манчестер Сити» (Англия), «Ливерпуль» (Англия), «Аякс» (Нидерланды), «Реал» (Мадрид, Испания), «Бавария» (Мюнхен, Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Лилль» (Франция), «Ювентус» (Турин, Италия).

«Еленбеген» командалар: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Атлетико» (Мадрид, Испания), «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Милан, Италия), «Бенфика» (Португалия), «Вильярреал (Испания), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Челси» (Лондон, Англия).

1/8 финалда бір ұлттық қауымдастық пен бір топта өнер көрсеткен командалар кездесе алмайды.

1/8 финалдың алғашқы ойындары 15/16/22/23 ақпанда, қарымта кездесулер 8/9/15/16 наурызда өтеді деп жоспарланған.

Чемпиондар лигасы 1/8 финалына жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады және келесі сілтемелер арқылы көруге болады: 1 СІЛТЕМЕ (Qazsport телеарнасы) және 2 СІЛТЕМЕ (УЕФА сайты)

Фото Getty Images