Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде басқа салмаққа ауысып, белбеуден бас тартуы мүмкін. Бұл туралы промоутер Эдди Хирн мәлімдеді.

- Бұл бір қызық болды. Біз чемпиондар арасында жекпе-жекті тағайындай алатын WBC-ге хат жаздық. Ертесіне WBO өз басым ешқашан ештеңе естімеген (Жәнібек Әлімханұлы) жігіттің белбеуге міндетті үміткер болғаны жайлы жауап алдық. Бұл жекпе-жек кімге керек?

Андраде бір салмаққа көтеріліп, міндетті түрде титулға үміткер болуға мүмкіндік беретін ережені пайдалануы мүмкін. Алайда ештеңе қарамастан осы қадамға баруға мәжбүрміз. Өйткені үміткермен жекпе-жек өткізуге ниетті емеспіз, - деп келтіреді Эдди Хирннің сөзін Boxingnews24 сайты.

Таяуда WBO Жәнібек Әлімханұлын ұйым титулына міндетті үміткер етіп бекіткен болатын.