Орал қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

Ел біріншілігі қаладағы «Теннис орталығында» 15 желтоқсан күні басталып, 23-інде мәреге жетеді.

Қазақстан чемпионатына елдің әр өңірінен 300-ге жуық боксшы қатысып, чемпиондық атақты сарапқа салады.