Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC Vegas 44 турнирінің екінші маңызды жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC рейтингінің 12 және 14-ші нөмірлері – жаңа зеландиялық Брэд Ридделл мен Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші раундта Физиев қарсыласының басынан тепті. Ридделлдің қалай есеңгіреп қалғанын көрген төреші Херб Дин жекпе-жекті тоқтатты.

Бұл жеңіс Рафаэль Физиев үшін кәсіпқой мансабындағы 11-ші болды (оның UFC-дегі рекорды – 5 жеңіс және 1 жеңіліс).

Айта кетейік, Физиев бұл жекпе-жекке тусыз шықты. Жақында Қырғызстан атынан шықпайтынын мәлімдеген еді. Спортшы Қазақстанда туған.