Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер жапониялық Риота Муратаға қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл керемет жекпе-жек және Жапонияда алғаш рет жекпе-жек өткізуге, кейінге қалдырылған титулдарды біріктіруге тамаша мүмкіндік. Геннадий айтқандай, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші кезекте және Жапония енгізген шектеулерге сәйкес болуы керек», - деп жазды Леффлер өзінің Twitter парақшасында.

Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек 29 желтоқсанда өтуі керек еді, бірақ коронавирустың омикрон штаммының таралуын болдырмау үшін кейінге қалдырылды.