DAZN стриминг сервисі салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшыларының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орында екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы Сауль Альварес тұр. Екінші орында - ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF титулдарының иегері Александр Усик. Үздік үштікті жартылай орта салмақтағы WBO чемпионы Теренс Кроуфорд түйіндеді. DAZN-мен жұмыс істейтін қазақстандық Геннадий Головкин рейтингке енбей қалды.

DAZN нұсқасы бойынша топ-10 pound-for-pound:

  1. Сауль Альварес
  2. Александр Усик
  3. Теренс Кроуфорд
  4. Наоя Иноуэ
  5. Эррол Спенс
  6. Джош Тейлор
  7. Тайсон Фьюри
  8. Джордж Камбосос
  9. Стивен Фултон
  10. Джервонта Дэвис