DAZN әлемнің ең үздік боксшыларының рейтингін жариялады: Альварес бірінші орында, Головкин тізімде жоқ
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызDAZN стриминг сервисі салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшыларының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші орында екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы Сауль Альварес тұр. Екінші орында - ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF титулдарының иегері Александр Усик. Үздік үштікті жартылай орта салмақтағы WBO чемпионы Теренс Кроуфорд түйіндеді. DAZN-мен жұмыс істейтін қазақстандық Геннадий Головкин рейтингке енбей қалды.
DAZN нұсқасы бойынша топ-10 pound-for-pound:
- Сауль Альварес
- Александр Усик
- Теренс Кроуфорд
- Наоя Иноуэ
- Эррол Спенс
- Джош Тейлор
- Тайсон Фьюри
- Джордж Камбосос
- Стивен Фултон
- Джервонта Дэвис