UFC-дің әйелдер арасында Қазақстанның жалғыз өкілі Мария Агапова жанкүйерлерімен келесі жекпе-жек туралы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бір сағат бұрын жаңа жекпе-жекке келісімшартқа отырдым. Жаңалық күтіңіздер. Менің жаңа қарсыласыма таңғалатындарыңызға сенімдімін», - деп жазды Мария Instagram парақшасында.

Еске салайық, Агапова кейінгі жекпе-жегін биыл қазанда өткізіп, колумбиялық Сабина Масоны үшінші раундта самбишнмен жеңген болатын. Марияның еншісінде UFC-де екі жеңіс пен бір жеңіліс бар.