UFC-дегі танымал америкалық файтер Кевин Ли бұл ұйымнан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.«UFC мұндай шешім шығарғаны өкінішті. Ли жас, талантты файтер, ол ұйымның тек үздік спортшыларымен төбелесті. Бұл UFC-дің қате шешімі, Лидің жетістіктері әлі алда екеніне сенімдімін», — деді Лидің менеджері.

Еске салайық, Ли кейінгі жекпе-жегін биыл тамызда өткізіп, Даниэль Родригестен төрешілер шешімімен жеңілген болатын.