ПСЖ мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси ұлы жетінші рет «Алтын доп» жеңіп алғаннан кейін сын айтқандарға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Бла-бла-бла… Жалғастыр, — деп жазды әкесі Леонельдің марапаттау рәсіміндегі суретін жариялап.

Естеріңізге сала кетейік, Лео Месси «Баварияның» поляк шабуылшысы Роберт Левандовскийден 33 ұпай озып, жеңіске жетті. Дауыс беруде үшінші орынды «Челси» (460) футболшысы итальяндық Жоржиньо алды.