Бүгін, 19 қарашада Дубайда (БАӘ) Регби-7 бойынша әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы чемпионаттағы екінші ойынын Филиппин құрамасына қарсы өткізді. Ойын 48:0 есебімен біздің пайдамызға аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама алғашқы кездесуін Жапонияға қарсы өткізіп, 19:7 есебімен жеңіске жеткен болатын.