26 қарашада баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы әлем кубогы іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі nbf.kz сайтына сілтеме жасап.

Сирия құрамасына қарсы кездесу Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрек аренасында өтеді. Матч елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Жаңа бас бапкер Дарко Руссо бастаған «Дала қасқырларының» жаттықтырушылар штабы елордадағы оқу-жаттығу жиындарына шақырылып, алдағы матчтарға белсенді дайындалып жатқан ойыншылардың тізімін анықтады.

«Дала қасқырларының» оқу-жаттығу жиынына 15 үміткер шақырылды:

#3 Владимир Курочкин - «Каспий», Ақтау#6 Шаим Куанов - «Тобыл», Қостанай#7 Николай Бажин - «Астана», Нұр-Сұлтан#8 Владимир Иванов - «Барсы Атырау», Атырау#9 Вадим Щербак - «Астана», Нұр-Сұлтан#10 Рустам Мурзагалиев - «Астана», Нұр-Сұлтан#17 Александр Жигулин - «Химки», Московская область#20 Антон Быков - «Тобыл», Қостанай#21 Роман Марчук - «Барсы Атырау», Атырау#23 Роберт Пан - «Астана», Нұр-Сұлтан#24 Дмитрий Гаврилов - «Астана», Нұр-Сұлтан#25 Максим Марчук - «Астана», Нұр-Сұлтан#45 Андрей Литвиненко - «Астана», Нұр-Сұлтан#47 Руслан Айтқали - «Астана», Нұр-Сұлтан#99 Олег Балашов - «Астана», Нұр-Сұлтан