Қазақстандық Тимофей Скатов Кампинас (Бразилия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.Дүниежүзілік рейтингте 259-орында тұрған Т.Скатов алғашқы айналымда әлемнің 186-ракеткасы, аргентиналық Рензо Оливоны 6:3, 7:6 (7:3) есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 263-сатыдағы тағы бір аргентиналық Андреа Колларинимен ойнады. Бұл матч та тартысты өтіп, екі сағатқа созылды. Т.Скатов қарсыласын 7:6 (7:2), 6:2 есебімен тізе бүктірді. Ол бәсеке барысында 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. А.Колларини 2 эйс, 2 брейктен аса алмады. Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 94-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Монтейромен кезедеседі.