Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Кампинаста (Бразилия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда Скатов аргентиналық Андреа Коллариниді екі сетте жеңді. Есеп - 7:6, 6:2.

Скатовтың ширек финалдағы қарсыласы жергілікті Тияго Монтейро болады.