Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малый алдағы Тәжікстан құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Тобыл» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біз жеңіске ұмтыламыз. Ең алдымен өзімізге, сондай-ақ елімізге жағымды эмоциялар сыйлау үшін жеңіске жеткіміз келеді. Дайындық жұмыс режимінде жүріп жатыр.

- Францияға қарсы матчтан кейін командада атмосфера қандай?

- Біз ол матчтың нәтижесін енді өзгерте алмаймыз. Сондықтан ертеңгі ойынға дайындалып жатырмыз. Әрине, біз үшін оны жеңу маңызды және біз жеңіске ұмтыламыз. Команда жұмыс атмосферасында. Бұл өмір, бұл футбол. Сіз өзіңіздің құндылығыңызды күн сайын дәлелдеуіңіз керек. Ертең жаңа күн, біз де өз деңгейімізді дәлелдеуіміз керек. Біз шындап дайындалып жатырмыз.