Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жолдастық матчта кімдер төрелік ететіні белгілі болды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы кездесуде Беларусь төрешілері қазылық етеді. Матчтың бас төрешісі — Амин Кургхели. Оның отандастары Юрий Хомчанка мен Сергей Гидревич алаң жиегінде көмектеседі. Қосалқы төреші қазақстандық рефери Артем Кучин болады.

Айта кетейік, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жолдастық матч 16 қарашада «Астана-Аренада» өтеді, басталуы - елорда уақытымен 19:00-де.